Осы шығарылымнан көріңіздер:
Билікте тағы ауыс-түйіс басталды;
• Әблязов пен Храпунов ісіне қатысты материалдар шетелдік құқық қорғау органдарына жіберілді;
• Украинада 6 қазақстандық қылмыскер бас сауғалап жүр;
• «Азбука жилья» басшысының қымбат көлігі мен жер телімі тәркіленді;
• Бірінші басшының жауапкершілігін арнайы комиссия қарауы мүмкін;
• Ұлттық компанияларға сыртқы қарыз бойынша шекті меже белгіленді;
• Кредиттік бюро несие серіктестіктерімен ломбардтарды бақылауға алады;
• Құны 212 млрд теңгеге жуықтайтын 32 мыңнан астам ипотекалық займ қайта қаржыландырылды;
• Елорда әкімдігі зейнеткерлерге 6313 теңге сыйақы жасамақшы;
• Балабақшадағы асханаларға камера орнатылмақ;
• Биылғы жылыту науқанын өткеруге 10,4 млн тонна көмір қажет;
• Қазақстан – Ресей шекарасында тасымалдаушылар тығырыққа тірелуде;
• Ресей мен Қытай тауар айналымын 2 есе көбейтеді;
• Ақш-тың мемлекеттік хатшысы Сауд Арабиясына келді;
• Елордада халықаралық туристік көрме өтуде;
• Қазақстан 1320 отандық көлікті экспортқа шығарды;
• Жол жөндеушілер кәсіпкерді шығынға батырды;
• Гонконгтың кәсіпкерлері Шымкентте зауыттар мен жылыжайлар салады;
• 90 мыңға жуық алматылықтың жеке бизнес бастауға мүмкіндіктері бар;
• Боулингке салық 8 есеге кеміді;
• Допинг қабылдаған спортшылар мемлекеттен алған сыйлығын түгел кері қайтаруға міндеттеледі;
• Елордада спорттық ғылыми-зерттеу университеті ашылуы мүмкін.