ТУРКОД, TAX FREE, BED TAX! Министр Раймқұлова бастаған топтың туризмге қатысты құжаты Мәжіліске жақпай қалды. Неге? Ведомство кімнің мүддесін қорғауда? «Тиімсіз» деп талай рет сыналған «Қазақ туризм» бюджет қаражатын талан-таражға салып жатыр ма? Отандық туризмге миллиардтап жұмсалған ақша ақтала ма?
НОРМАДАН АСЫП КЕТТІ. Атырау табиғытаны мұнай қалдықтары тарап, экологтар дабыл қақты. Тұрғындар үшін қаншалықты қауіпті?
МЫНАДАЙ БАС САНИТАР ДА БАР. Лауазымдық қызметтегі дәрігерлер қалай жазаланды? Олар неге аузына келгенін айта салады? Мұндай басшыларға әдеп нормасы қаралмаған ба? Алда айтамыз....
АСПАННАН САЛБЫРАП ТҮСТІ. Ақтаудағы Каспий теңізі жағасындағы жартас әлі де қауіп төндіріп тұр. Тиісті сараптама да жүргізілмеген. Әкімдік бақылауды неге күшейтпейді? Әлде жартас міндетті түрде адамды басып қалуы керек пе?