21.05.2020 20:00 Басты жаңалықтар

Бүгінгі шығарылымда:

ТЕРГЕУДІ ТҮЛКІБҰЛАҢҒА САЛҒАН! Америка соты атышулы қашқын Храпуновтарға қатысты шешім шығарды. Бұл жолы қандай үкім кесілгенін сәлден соң айтамыз...

ТЕНДЕРДІ МАЙ-ШЕЛПЕККЕ АЙНАЛДЫРҒАН! Шенеуніктер тепловизор мен емдеу құралдарының құнын жарты млрд теңге деп көрсеткен. Бағаны бұрмалап, табыс тапқысы келгендер кімдер? Тілшілеріміз анықтады. 

ЛАЙКҚА ЛАЙЫҚТЫ ПІКІР. Елорда әкімдігі пиар мен жарнамаға қосымша  миллиондаған қаржы жұмсамақ. Позитивті жазба үшін кімдерге ақы төленуде? Қарлығаш Темірбайқызы назарына алды.  

ДЕРТ ДЕНДЕГЕНДЕ ДӘРІ ТАПШЫ! Емделушілерге ауадай қажет препараттар елге жеткізілмей жатыр. Мәселені шенеуніктер неге шеше алмауда? Бұл туралы бірер минуттан кейін...

ЖАҒДАЙЫ КҮРТ НАШАРЛАҒАН. 
Індетке ілінген түркістандық науқастар аурудан қалай айыққанын және қанша уақытта емделгенін айтып берді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу