21.07.2020 20:00 Басты жаңалықтар

Екі министрліктің жоғары лауазымды басшыларына қатысты тергеу басталды. Кеше ғана министр креслосынан алынған Асқар Жұмағалиевтің оған қатысы бар ма? Ұлттық бюро Білім және ғылым министрлігін неге назарға алды? Тілшіміз Құралай Пионер анықтады

Үй көрмей жұмыс істесе де үстемақы алмаған. Елордадағы аурухана қызметкерлері наразылыққа шығып, жауапты министрден көмек сұрады. Ақхалаттылардың жанайқайын Алмас Амангелді тыңдап келді

Денсаулық министрлігі емдеу хаттамасын тағы өзгертті.Коронавирусты анықтауға енді мал дәрігерлері де жұмылдырылмақ. Еліміздегі соңғы ақпаратты Гүлжайна Өмірбектен білеміз.

Сапасыз құрылыс сенделтті. Алматыдағы Зерделі ықшамауданыда тағы бір көпқабатты тұрғын үй қисайып, құлағалы тұр. Тұрғындар мәселеге қала әкімінің араласуын талап етуде. Неге? Әнуар Кәрібозовтан білеміз

42500 теңгенің жыры. Жұмысшысы үшін өтініш беруден бас тартқан кәсіпкерлердің үсітен түсетін арыздар көбейді. Олар жазалануы мүмкін бе? 

Басты жаңалықтар. 21.07.2020 күнгі шығарылым / Новости Казахстана

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу