Бүгінгі шығарылымда:
• +6 НАУҚАС! Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 70-ке жуықтады. Әлемде 100 мың адам жазылып шықты. Ал індет ошағы болған Уханьда төтенше жағдай алынады. Бұл туралы сәлден кейін...
• ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ ЖАЗАСЫ! Республикада уақытша режимнің тәртібіне бағынбаған 200-дей азамат ұсталды. Олар қандай заң бұзушылыққа барған? Арай Сүгірбай анықтады.
• ШЕТЕЛДЕН ОРАЛДЫ. Бішкекте емделген балалар елге қайтарылды. Польшадан да 207 отандасымыз Қазақстанға жеткізілді. Тексеріс қалай жүріп жатыр? Қауіпсіздік шараларын тілшілеріміз назарына алды.
• ҚАУІПТІ КАРТА! Енді Егов.кз сайтында вирусты жұқтырғандар және олармен байланыста болғандар туралы ақпарат жарияланып отырады.
• БІЗ БІРГЕМІЗ! Көмекке мұқтаж 5 мыңнан астам отбасына жәрдем беріледі.