Арыс оқиғасына – 1 жыл. 365 күнде не өзгерді? Оқ-дәрі сақталған аймақ қазір қаншалықты қауіпсіз? Тілшіміз тексеріп келді.
80 мың отбасы қаржылай көмек алады. «Біргеміз» қорынан бөлінген ақша бұл жолы кімдерге таратылмақ? Алда айтамыз.
Фермерлер дауы ушығып барады. Кеше ғана аштық жариялаған шаруаға бүгін тағы бірнеше кәсіпкер қосылды. Олар неге наразы?
Полицейлердің өзі той тойлап жүр. Талапқа немқұрайлы қараған тәртіп сақшылары тек тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны рас па? Оларға айыппұл неге салынбады?
Маскасыз шеру. Қырғыз Президенті Мәскеуге барып тұрып парадқа қатыса алмай қалды. Оған не болды? Алда айтамыз.
Басты жаңалықтар. 24.06.2020 күнгі шығарылым / Новости Казахстана