Шығыс Қазақстандағы жеке меншік зертханалар короновирусқа қатысты жалған тестілер жүргізген. Өскемендегі репродуктивті медицина орталығының зертханасына арнайы барған астаналық комиссия мүшелері өкінішке орай онда кіре алмады.
Атыраулық кәсіпкерлер той өткізуге рұқсат берілуін талап етуде. Жергілікті билік бизнес өкілдерінің өтінішін қабыл алды ма? Тараптармен Динара Жоламанқызы тілдесіп келді.
Ал Алматыда кинотеатрларға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Тағы қандай талап қойылды? Жания Әбдібек репортажында толығырақ.