Салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін аларда табыс салығын бірден төлемейтін болды. Тиісті заңды Парламент Президентке жолдады. Зейнетақы салымын алуға сарапшылар неге қарсы?
Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударғандарға баспана салу үшін бөлінген қаржының 1 млрдтан астам теңгесі игерілмей қалған. Оған не себеп? Жаңалықтар барысында айтамыз.
Алматыда ағаш кескендер жазасыз қалмайды. Тұрғындардың шағымы Президентке жетіп, іске прокурорлар араласты. Даулы мәселеге жол бойындағы техника дүкенінің қатысы бар ма? Арнат Дүйсен анықтады.
Біреуінің құны 68 мың теңге. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы осындай бағада 200 маска сатып алған. Қауіпсіз маскалар кімдерге арналған? Оның нарықтағы құны 25 мың теңге екені қаншалықты рас?