Дәрігерлер дене жарақатын байқамауы мүмкін емес! Аягөз ауданындағы интернатта көз жұмған тәрбиеленушілерге қатысты Аружан Саин осындай пікір білдірді. Мекеме қызметкерлері нені жасырып отыр? Қарлығаш Темірбайқызы білуге тырысты.
Қымбатшылық қамыты халықты тағы қыса түспек! Инфляцияның сайлауға не қатысы бар? Арай Сүгірбай анықтады.
Қабырғасы сөгіліп, едені қисайса да тұруға жарамды деп танылды. Тұрғындарды көшіру үшін міндетті түрде адам өлуі керек пе?
Біреу тоңып секірсе, біреу тойып секіреді! Солтүстікқазақстандық шенеуніктер 4 млн-нан астам теңгеге блог-тур ұйымдастырмақ болған. Қызылжар өңірі қызыл аймақта екенін ескерсек, қыруар қаржыны қажеті шамалы жарнамаға емес, коронавируспен күреске жұмсау тиімді болмас па еді?
Nur Otan Мәжіліс сайлауына кандидаттарды бекітті. Билік партиясы әзірлеген тізімге кімдер ілікті? Сәлден соң айтамыз.