Бүгінгі шығарылымда:
• ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ! Атышулы «Гарант 24 ломбард» пен «Истет ломбард» ұйымдарын тінту барысында 40 млн теңге тәркіленді.
• ҰШАҚТА БОЛҒАНДАР – АУРУХАНАДА. Өскеменде Ан-2 әуе көлігі апатты жағдайда қонды. Бортта болғандардың жағдайы қалай? Алда айтамыз.
• БЫЛЫҚТЫҢ БЕТІ АШЫЛДЫ! «Бек Эйр» әуекомпаниясы өз ұшқыштарына жалған сертификат беріп келгені белгілі болды.
• СЕУЛГЕ БАРУ ҚИЫНДАЙДЫ! Қазақстан Иранға әуе қатынасын тоқтатып, Кореяға рейстер санын қысқартады. Себебі мен салдары хабар барысында...
• АҚҰЛПАНЫҢ АЙЫППҰЛЫ! Елордада қарды уақытылы тазаламаған сауда орталықтары мен пәтер иелері кооперативтері 10 млн теңгенің айыпақысын арқалады.