Аягөз интернатындағы жұмбақ өлім. Полицейлер тергеу амалдарының нәтижесін жариялады. Ал тәрбиеленушілерге тиісті медициналық көмек көрсетпеу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жөнелтілді.
Павлодарға шетелден жеткізілген өкпені жасанды желдету аппараттары ескі болуы әбден мүмкін. Мұны облыс әкімінің өзі айтты.
Медициналық мекемелерге таратылған 21 қондырғы қазір кері қайтарылуда. Ескі қондырғыны сатып алғандар қандай жазаға тартылуы мүмкін?
Газды өңірде газ тапшы! Ақтаулықтар тағы да көгілдір отынға жарымай отыр. Тапшылықтың қолдан жасалғаны қаншалықты рас? Тілшіміз анықтады.
Қарағанды әкімдігі вирус өршіп тұрған кезде мерекелік безендіруге тапсырыс берген. Келісімшарт құны - 193 млн теңге.
Жарық,безендіру, элементтер болмаса қала қап-қараңғы болып кетеді + қандай ауру болса да көңіл деген бар ғой қазақта. Қомақты қаржының 122 млн теңгесі тапсырысты орындаушының есеп шотына аударылып қойған.
25-ші қараша футбол фанаттары үшін қаралы күн. Атақты Диего Марадона бақилық болды. Аты аңызға айналған футболшының өмір жолына Саят ермек шолу жасады.