Бүгінгі шығарылымда:
• ТАҒЫ ДА ҰЗАРТЫЛДЫ! Елдегі төтенше жағдай 11 мамырда ғана аяқталады.
• ҰШУҒА РҰҚСАТ! 1 мамырдан бастап әуе рейстері ашылатын болды. Қай бағытта? Иық тіресіп, ұшақта отыру қауіпті емес пе?
• БИЗНЕСКЕ ҚОЛДАУ ЕСЕЛЕНБЕК! Ақшадан қиналғандарға 42 мың теңге беру жалғаса ма? Ал кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілмек? Айзат Қайырлыбекқызы толықтырады.
• ҚҰНЫ ЖОҚ ҚАРА АЛТЫН! Қазақстанның мұнай экспортынан түсетін табысы 6 есеге азаяды. Бюджеттің жұқаруы әлеуметтің жағдайына әсер етпей ме? Алда айтамыз...
• ТҰРМЫСЫ ҚИЫНДАЙДЫ! Елімізде 2 жарым млн азамат жұмыссыз қалуы мүмкін. Оның алдын алу үшін не істеу керек? Бұл туралы сәлден кейін...