Бүгінгі шығарылымда:
• 3 МЫҢНАН АСЫП КЕТТІ! Елімізде короновирус індеті дендеп барады. Үкімет әр науқастың еміне күн сайын қанша қаржы жұмсайтыны белгілі болды.
• САРАПТАМА ҚҰНЫ 19 МЫҢ ТЕҢГЕ! Бұдан былай коронавирусты анықтайтын тест ақылы түрде де жасалады. Қайда бару керектігін қазір айтамыз.
• ОНЫНА ДЕЙІН ҰШПАЙМЫЗ! Мемлекеттік комиссияның шешіміне қарамастан «Флай Арыстан» билет сатып алғандардың ақшасын қайтармақшы. Ал жолаушылар наразы.
• ҰЛТТЫҚ ТАУАР ӨТКІЗУ ЖЕЛІСІ САЛЫНАДЫ! Бірыңғай кешеннің құрылысына 238 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалмақшы. Ол аймақтардағы тұрақтандыру қорларын алмастыра ма?
• ЕУРАЗИЯЛЫҚ БЕСТІКТІҢ ҚҰРАМЫ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН! Өзбекстан Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше болудың алғашқы қадамын жасады.