Бүгінгі шығарылымда:
• Иракта анасымен бірге түрмеге түскен қазақстандық 14 бала елге жеткізілді. Олардың ендігі жағдайы не болмақ? Иракта 25 жылға сотталған қазақстандық 6 әйел неге экстрадицияланбай жатыр? Алмас Мұсабеков сәлден кейін айтып береді.
• Шекарадағы бассыздық. «Қорғас» халықаралық орталығында тәртіпсіздікке жол берген тауар тасушылар жауапкершілікке тартылатын болды. Кәсіпкерлердің байбалам салуына не себеп? Әлде кеденшілерге ауызбастырық берілмей қалды ма? Алда айтамыз!
• Бірқатар шенеунік жұмыссыз қалуы мүмкін! Енді министрлер мен әкімдер жемқор орынбасарлары үшін қызметінен кетеді. Президент арнайы заңға қол қойды. Жылы креслосынан айырылатын шенділердің тізімін Құралай Пионер жасап көрді.