Бүгінгі шығарылымда:
• АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ ҚАЖЕТ! Шаштараз бен фотосалондар көп ұзамай қызметтеріне кірісетін болды. Мемлекеттік комиссия бекіткен бизнестің жаңа тізімін хабар барысында ұсынамыз.
• ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕГІЛЕРІ КЕЛМЕЙДІ! Коронавирусқа шалдыққан дәрменсіз дәрігерлер министрлікті айыптап, Президенттен араша сұрады.
• ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ТЕСТКЕ ДЕ ӘСЕР ЕТТІ. «Олимп» зертханасының басшысы птр-тесттің бағасы неге шарықтап кеткенін түсіндірді.
• ТУЫСТАРҒА ТИЫМ. Енді мемлекеттік қызметкермен қоса оның жақындары да сыйлық алса, жазаға тартылады.
• МЕРЗІМІ ӨТІП КЕТКЕН. Төтенше жағдай кезінде 68 мың азаматтың құжаты жарамсыз болып қалуы мүмкін.