Бүгінгі шығарылымда:
• АЖАЛЫ ӨРТТЕН КЕЛДІ. Қоймадан шыққан қызыл жалын салдарынан екі қазақстандық көз жұмды. Қай жақта? Маңызды ақпарат – хабар барысында...
• СОҢҒЫ СӨЗ – ҚАЗЫЛАРДА! Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге үстемеақы төлеуді арнайы құрылған комиссия шешеді. Олардың әділ шешім шығаратынына кім кепіл? Алда айтамыз...
• ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРА БАСТАДЫ. «Қазмұнайгаз» компаниясы қызметкерлердің 34%-ын қысқартпақ. Қызметінен айырылған жүздеген адамға қандай көмек беріледі? Бұл туралы сәлден кейін...
• АҒАЙЫНДЫ МАФИЯ. Алматы облысында шенеуніктер 11 мың гектар құнарлы жерді тұрғындарға бермей, туыстарына үлестірген.
• БОРТҚА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! Ертеңнен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматының әуе қақпалары тәулігіне 4 рейстен орындайды. Әуежайда жүріп-тұру қаншалықты қауіпсіз?