ҮЙДЕ ОТЫРУ ДА ҚАУІПТІ. Жақында тағайындалған министр вируспен күрестің жаңа шараларын түсіндірді. Енді жедел жәрдем қандай шақырытуларды қабылдайды? ПЦР-тест пен дәрі тапшылығы қолдан жасалған ба? Тілшілеріміз анықтады.
БАҒАСЫ ҰШАҚТАН ДА ҚЫМБАТ. Тоқтатылған коммерциялық пойыздар нақты қай бағыттарға жүрмейтін болады? Жолаушыларға билет ақшасы қашан қайтарылады? Алда айтамыз...
МӘЖБҮРЛІ ҚАДАМ. Елімізде қуат көзінің құны қымбаттады. Тарифтің өсуі онсыз да жұмыссыз жүрген тұрғындарға ауыр болмай ма? Жеңілдіктер қарастырылған ба? Жауабы – хабар барысында...
ИНСТАОҚЫРМАНЫ КӨПТІҢ ОЛЖАСЫ КӨП! Алматы облысының шенеуніктері блогерлердің демалысына бюджеттен 9 млн теңге жұмсамақ. Билік нені көздеп отыр? Бұл туралы сәлден соң...
АҚПАРАТТЫҚ ГИГИЕНАНЫ МЕҢГЕРЕДІ. 1-сынып оқушылары «Әліппенмен» қатар, енді, «Цифрлық сауат ашу» пәнін де оқитын болады. Оның қажеті не? Реформадан көз ашпаған білім саласын тағы не күтіп тұр? Бірер минуттан кейін тарқатамыз...
Басты жаңалықтар. 30.06.2020 күнгі шығарылым / Новости Казахстана