Бүгінгі шығарылымда:
ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ! 3 күн бойы үндемей, енді үн қатқан «Бек Эйр» әуекомпаниясы ағынан жарылды. Алайда болжамдарын бірқатар ведомство жоққа шығарды. Кім өтірік айтып отыр? Тілшілеріміз анықтады...
6 ЖОЛАУШЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР! Ем қабылдап жатқан зардап шегушілер өтемақы алуға құжаттарын тапсырып жатыр. Аман қалған жолаушыларға ақша беріле ме? Ұшақтан іргесі сөгілген үйдің иесі қайтпек? Алда айтамыз...
ПІКІРІ ЕСКЕРІЛМЕГЕН. Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың заңгерлері үкімді қайта қарауды сұрамақ. Адвокаттар талабы қандай? Үміт бар ма? Сәлден кейін толықтырамыз...
ЖАЛАҚЫ ӨСЕДІ. Келесі жылы қазақстандықтардың айлығы 2 млн теңгеге жетуі мүмкін. Кімдер ең көп табыс алмақ? Қай салада жалақы көтеріледі? Хабар барысында білесіздер...
КӨЛІККЕ ДЕ ТАҢБА БАСЫЛАДЫ. Бұдан былай, газ қондырғысы орнатылған машиналарға сәйкестендіру белгісі енгізілуі мүмкін. Оның себебін бірер минутта тарқатамыз...