Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі 8 айда 80-нен астам кәсіпорынға қолдау көрсеткен

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі терең өңдеу өнеркәсібін қолдау шараларын қарқынды түрде күшейтіп жатыр. Оның нәтижесінде биылғы 8 айда 80-нен астам кәсіпорынға 514 млрд теңге қолдау көрсетілді. Агенттіктің қолдауына ие болғандар арасында жеңіл және агроөнеркәсіп саласында еңбек ететін өндіріс орындарынан бастап металургия, машина жасау бағытындағы ірі өндіріс ошақтары бар. Агенттіктің септігімен компаниялар өндірісті жаңғыртып, жаңа жұмыс орындарын ашуда және шетелдік нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттырып жатыр. Мемлекеттік қолдаудың игілігін көрген кәсіпорын тынысымен тілшіміз танысты

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу