«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» отандық тауар өндірушілерді жан-жақты қолдап жатыр. Агенттік жыл басынан бері жалпы құны 667 млрд теңгеден асатын жүзге жуық кәсіпорынға қолұшын созды. Үлестің тең жартысынан астамы – шағын және орта бизнес өкілдері. Тілшіміз ұлттық институт қолдауын тапқан Павлодардағы микросфера өңдейтін зауытқа барып, мемлекеттік қолдау шараларының барысымен танысып қайтқан еді.