Мұнай бағасы өсті: АҚШ Иранмен ядролық келісімді бұзды

Бейсенбі күні Лондон және Нью-Йорктегі тауар биржаларында сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді. Сауда-саттық қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай және Лондон қор биржасында ICE Futures фьючерстерінің құны барреліне 0,26 долларға көтеріліп, 77,47 долларды құрады. Естеріңізде болса Америка лидері Трамп Иранға қарсы барлық санкцияларды қалпына келтіру туралы пікірін жарялаған еді. Осыдан кейін мұнай бағасы 3,5-ке жоғары деңгейге көтерілді. Бұл әзір ең жоғарғы көрсеткіш.

Студия қонағы: Экономикалық саясат институтының директоры - Қайырбек Арыстанбеков.

Жүргізуші: Ерболат Мұхамеджан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу