77 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысы өседі

Учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жыл сайын шамамен 137 млрд теңге қажет болады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа өзгеріс емханалардағы учаскелік дәрігерлер мен мейіргерлерге қатысты. Ақмарал Әлназарова қосымша төлем мөлшері қызметкердің үздіксіз еңбек өтілі мен психо-эмоциялық жүктемесіне байланысты есептеледі, - дейді. Айлығы көтерілетін қызметкерлердің жалпы саны 77 мыңнан асады. Ал еңбекақыларын 2027-ші жылдың бірінші қаңтарынан бастап 40 пайызға дейін арттыру көзделген

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу