Қазақстан – тек мұнай мен газ елі ме? Жоқ! Егер көмірсутектерді есепке алмасақ, еліміздің жер қойнауындағы қазба байлықтардың құны 10,5 триллион долларға бағаланады. Бұл деректі фильмде біз Қазақстанның қарапайым «шикізат базасынан» әлемдік жоғары технологиялық державалардың негізгі серіктесіне қалай айналып жатқанын көрсетеміз.
Бізбен бірге өнеркәсіптік саяхатқа шығып, келесі сұрақтарға жауап алыңыз:
???? Қаныш Сәтбаев әлемдік сарапшыларға қарсы тұрып, Жезқазған мысын қалай қорғап қалды?
???? Жасанды интеллект пен заманауи технологиялар қазақ даласындағы мысты қалай өндіреді?
???? АҚШ, Еуропа және Швейцария инвесторлары неліктен Қазақстанның вольфрамы мен сирек кездесетін металдарына миллиардтаған доллар құюда?
???? «Орта дәліз» (ТХКБ) – Еуразияның жаңа күретамыры ретінде жаһандық логистиканы қалай өзгертеді?
Тарих, геосаясат, триллиондаған инвестиция және еліміздің болашағы туралы толық ақпаратты осы видеодан көріңіз!