Кәсіпкер болсам деген 10 мыңға жуық азамат тегін білім алып, оның 62 пайызы бизнесін ашып үлгерген. Бұл - Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асырылған «Bastau Бизнес» жобасының қазіргі нәтижелері. Осы бағдарламаның басты артықшылықтары қандай? Қандай мүмкіндіктері бар?
Бағдарлама қонағы: «Bastau Бизнес» жобасының үйлестірушісі - Әлібек Байнешов.
Жүргізуші: Жанар Тайжанова.