Еліміздегі ғылымның деңгейін көтеру үшін оның бизнеспен қарым-қатынасын нығайту керек. Озық елдерде ғылымға қажетті қаражаттың 30-40%-ы мемлекет тарапынан бөлінеді. Қалғанын бизнес өкілдері қамтамасыз етеді. Біздің ел осындай деңгейге жету үшін не істеп жатыр? 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру үшін өткізілген байқаудың нәтижесі қандай? Грант ала алмай қалған ғалымдар шығарған дауға қатысты құзырлы мекеме берген жауап және заманауи ғылымға қойылған талап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасы Болатбек Әбдірасыловтың сұхбатында.
Жүргізуші: Жанар Тайжанова.