«Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет». Бұл - Елбасының биылғы Жолдауында айтылған басты міндет. Жаһандык трендтер көрсетіп отырғандай, ол 4-ші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс. Оның жақсы мүмкіндіктерімен қатар өзіндік сын-қатерлері де бар. Сарапшыларды цифрландыру жұмыссыздар санын арттырмай ма деген сауал мазалайды. Осы мәселенің анық-қанығы Экономикалық зерттеулер институты Макроэкономикалық зерттеулер орталығы директорының орынбасары Қуаныш Бейсенғазин мен "Жасампаз" бірлестігі атқарушы кеңесінің мүшесі Гүлнар Игембаеваның сұхбатында.
Жүргізуші: Жанар Тайжанова.