53000 шошқа асырап келген Ақтөбелік бизнесмен кәсібін түбегейлі тоқтатады не ферма бағытын өзгертуі тиіс! Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин осындай мәлімдеме жасады. Ал Арменияда жүрген ферманың басшысы заң аясында жазаланатын болады. Ақтөбе-Қандыағаш арасындағы тас жолда бірнеше көпір пайда болып, ол бірер жылда қолданысқа беріледі. Ал толықтай қарыздарынан құтылған Ақтөбе футбол клубы, алдағы уақытта топ клубтардың біріне айналады.