Оралбай Әбдікәрімов: Пара алу мен беру - мемлекет құрылғаннан бастап бірге туылған

Параны алам дейтін адам кез-келген жерде алады. Сатып алу, медициналық мекемелер бірдеңе бермесең жөндеп қарамайды.Міндетті түрде беру керек дейді. Салық жинайтын , ішкі істер органдары да солай. Жемқорлық, пара алу мен беру - мемлекет құрылғаннан бастап бірге туылған. Оны /жемқорлықты/ ауыздықтау, қысып, жол бермеуге әр мемлекетің күші жетеді. Ол үшін мемлекет пен азаматтық қоғам бір болуы керек. Мемлекет жемқорлықты өзінен өзі жоя алмайды , - деп санайды мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов . Мемлекет қайраткерінің сөзінше, жемқорлықпен бір ғана мемлекеттік орган жұмыс істемеуі керек. Әр мекеме басшысына талап қойылса да , оның орындалуы ақсап отыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу