Шыңжаңнан шығып, Анадолыға ауған көш тарихы

Еуропа қазақтары қауымдастығының негізін салушы және құрметті төрағасы Әбдірахман Жәлелұлымен кездесіп әңгімелестік. Әбдірахман ақсақал жақында «Өмір жолымдағы соңғы көш» атты өмірбаяндық шығармасын жариялап, Астанамызда тұсаукесер өткізді. Онда Алтайдан басталып, Үндістан мен Пәкістан арқылы алдымен Түркия, кейін Германияға жеткен көштің куәгері қазақ басына төнген зұлмат жылдар туралы жазған. Еуропа қазақтары құрған қоғам, оның қазіргі жағдайы және шешілмеген мәселелері де автор назарынан тыс қалмапты. Әбдірахман Жәлелұлы Еуропадағы қазақ жастарын атажұртқа тарту, олардың елмен байланысын қамтамасыз ету үшін билік және жомарт жандар тарапынан жәрдем жасалғанын қалайды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу