ТОКИО-2021: ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНДА 96 ЛИЦЕНЗИЯ

Қазақстан Токио олимпиадасында спорттың 28 түрінен 96 жолдама алды. Эксклюзивті жаңалықпен Ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов бөлісті. Жапониядағы байрақты бәсеке 23 шілдеде басталып, 8 тамыз аяқталады. Пандемия кезінде өтетін дүбірлі дода да бірқатар шектеулер де бар. Мәселен спортшыларға атлетикалық ауылдан себепсіз шығуға болмайды. Тіпті қала ішін аралап жүруге де тыйым салынған. Атлеттеріміздің алғашқы легі 10 шілде күні Токиоға аттанады. Айта кету керек биыл жүлделі орын алған спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері әдеттегідей өзге елдерге қарағанда жоғары. Медаль алады деген спортшылар кімдер? Қай спорт түрінен жүлде алуға үміттіміз? Атлеттердің вакцина салдыруы міндетті ме? Бұл туралы бүгін арнамызда «Эксклюзив» бағдарламасында айтылады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу