Несиені мақұлдау және бас тарту принциптері

7,5 млн қазақстандық өз өмірінде бір рет болса да несие алған екен. Бірінші несие бюросында осынша адамның несие тарихы бар. Дегенмен, бұл миллиондардың кейбіреуіне қаржы институттары несие беруден бір рет  емес, бірнеше рет бас тартқан болуы мүмкін.  Бұл бағдарламада несие беруден бас тарту себептері мен несие тарихын қалай жақсарту жолдарын талдайтын боламыз.

Спикерлер: кәсіпкер - Хамит Мұсабаев; бірінші несие бюросының атқарушы директоры - Әсем Нұрғалиева; KMF МҚҰ-ның Өңірлік желілерді қолдау бөлімінің бас маманы - Ксения Тарханова.

Жүргізуші: Жания Әбдібек.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу