Бүгінде зауыт – ақ өнімдерін шығаратын Қазақстандағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Өнеркәсіптің Көкшетау және Қарағанды қалаларында түрлі қышқыл-сүт және сүзбе тауарларын шығаратын 2 өндіріс орны бар.Компания сүтпен тұтас Қарағанды өңірін қамтамасыз етіп отыр. Өнімдер сыртқа экспортқа шығарылмайды. Себебі, тез бұзылады. Зауыт айран, шикі қаймақ, иогурттар, тәтті сүтті сусындар, сүзбе секілді өнімдердің 100-ден астам түрін шығарады.