Террорға қарсы іс қимылдарды шартты түрде Үшінші Дүниежүзілік соғыс жағдайына теңеуге болады. Елордада өткен «Астана клубының» үшінші отырысында Елбасы осындай мәлімдеме жасады. Қапшағай қаласының соты Сейітқазы Матаевты мерзімінен бұрын қамаудан босату туралы шешім шығарды. Қазақстан журналистер одағының бұрынғы басшысы енді жазасын шартты түрде өтейтін болады. Зейнетақы қоры "Қазақстан ипотекалық компаниясына" 50 млрд теңгедей қаржы құймақ. Бұл қаражат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие ретінде үлестірілетін болады. Араға 11 жыл салып жұмысы жандаған Қаржыгерлер конгресі саладағы қордаланған мәселелерді толық қамти алды ма? Осы саладағы мәселелер қаржыгер, э.ғ.к. Дәуренбек Мәжитұлының сұхбатында.
Жүргізуші: Айбек Құрмет.