Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында төтенше жағдай жарияланды. Экономист-сарапшылар «7-20-25» бағдарламасымен ипотекаға Астана мен Алматыда тек жаңа үйлерді, ал аймақтарда қайталама нарықтағы баспаналарды беруді ұсынды. Елбасының әлеуметтік бастамасында жастарға қатысты көтерілген мәселелер ҚР ДІАҚМ Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов пен ҚР «Атамекен» ҰКП Бизнес коммуникацияларды мемлекеттік тілде дамыту департаменті директоры Бауыржан Оразғалиевтің сұхбатында.
Жүргізуші: Айбек Құрмет.