Осы шығарылымнан көріңіздер:
1) Ұлттық бюро басшысы соңғы 10 айда коррупцияға қатысты үш жарым мыңға жуық қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Жемқорлар бюджетке 15 млрд теңге көлемінде шығын келтірген;
2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығы РБК Банкіне инвестиция ретінде аударылған 49 миллиард теңгеге қатысты түсініктеме берді;
3) Елімізде «Бизнеске арналған Үкімет» қызметі енгізілмек. Бұл жайында екінші мәрте өткізілген «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» форумында мәлім болды.
Студия қонағы: заңгер - Талант Рамазанов.
Жүргізуші: Айбек Құрмет.