Еліміздің сыртқы қарызы 2016 жылдың соңғы 9 айында 165 миллиард долларды құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 миллиардқа артық. Сыртқы қарыздың артуына еліміздегі экономикалық белсенді азаматтар санының банк алдындағы борыштары себеп болуы мүмкін. Мәселен олардың саны 9 миллион болса, соның 7,6 миллионының банк алдында берешегі бар. Қазақстандық банктерде екінші ай қатарынан депозит көлемі азайды. Салым салу жылдың алғашқы айында 2,85 пайызды құраған. Депозиттік салымдар бойынша көш соңындағы Казкоммерцбанк акцияларын ақыры Халық банкіне сататын сыңайлы. Ал Президент болса, банк секторын сауықтыру үшін Ұлттық қордан 2 триллион теңгеге жуық қаржы бөлу туралы қаулыға қол қойды. Қоғам назарын аударған осы мәселелер туралы тәжірибелі қаржыгер, э.ғ.к. Дәуренбек Мәжитовтың сұхбаты.
Жүргізуші: Айбек Құрмет.