Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуді бастады. Қаңтардан бастап, елімізде зейнетақы мөлшері өсті. Еліміздің Ішкі істер Министрлігі соңғы бес жылда халықтан қару-жарақ жинау үшін бір жарым млрд теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Жаңа жылдан бастап, Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі күшіне енді. Соған сәйкес ел экономикасында қандай өзгерістер болады? Осы және өзге де сауалдардың жауабы «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыровтың сұхбатында.
Жүргізуші: Айбек Құрмет.