7.04.2018 апта қорытындысы

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға қатысты келіссөздер мамыр-маусым айында жүргізілетін болды. Елбасы Астананың тыныс-тірлішігін реттейтін дербес заң жобасы әзірлеуді тапсырды. «7-20-25» бағдарламасына қайталама нарықтағы үйлер қосылмайды және баспана бағасы қымбаттамайды. Ипотекамен үй алудың амалдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасы Мархабат Жайымбетов және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Астана қаласындағы филиалы директорының орынбасары Әсел Төлеуғалиеваның сұхбатында.

Жүргізуші: Айбек Құрмет.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу