Жемқорлардан тәркіленген дүние-мүлік көп балалы отбасылар мен балалар үйіне таратылуы мүмкін. Бұрыңғы шенеуніктер 8 млрд доллардан аса қаржыны шетел асырған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлімдеді. Ал жемқор министрлер мен әкімдер әлі күнге дейін шетелде тығылып жүр. Әлем осы індетпен қалай күресуде? Шетел асырылған қаржыны қайтарудың амалдары қандай? Осы сауалдардың жауабы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабековтың сұхбатында.
Жүргізуші: Айбек Құрмет.