Халықаралық тәжірибеге сүйенсек бүгінгі күні компаниялардың басым бөлігі сатып алу жүйесінде біліктілік тұрғысынан іріктеу механизмі арқылы жұмыс жасайды. Бұл тапсырыс берушілердің тәуекелдерді азайту және сатып алуды жүргізу мерзімдерін оңтайландыру мақсатында, білікті өнім берушілерден сапалы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды көздеуіне байланысты. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында сатып алуды және өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеуді жүргізудің әлемдік тәжірибесін ескере отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2016 жылдан бастап сатып алу рәсімдерін жүргізу үшін әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілігі тұрғысынан іріктеуді енгізді. Бүгінгі бағдарламамызда алдын ала біліктілік іріктеуге қатысушы үшін не керек және бұл құрал не үшін қажет екенін білетін боламыз...
Спикер:"Самрұқ-Қазына Контракт" ЖШС алдын ала біліктік іріктеу департаментінің бас менеджері - Маржан Толтаева.