Еркін бизнесті қалай жасау керек?

Балабақшалар құрылысы, спорт алаңқайларын салу, жол жөндеу жұмыстары. Осының барлығы соңғы тоғыз жыл бойы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асырылуда. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік дегеніміз - билік пен бизнестің ыңғайлы жағдайда бірлесіп қоғамға қажетті мәселелерді шешуі. Бұл жүйе алғашында ұзаққа созылған дағдарыстан шығудың бір амалы ретінде қолға алынған. Мемлекет өзіне жүктелген тікелей міндеттемелерді толық орындай алмаған кезде, өз инвестициясын жаңа бағыттарға салушы бизнес қауымдастығына көмекке жүгінді. Осылайша қоғамның күрделі мәселелері шешімін тапты. Демек біз бүгін Мемлекеттік жекеменшік әріптестік жайлы сөз етеміз.

Спикер: Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері - Арай Успаева.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу