Алматыда ірі авиахаб орналастыру. Бұл да Ұлт жоспарының 66 қадамы ретінде белгіленген. Басты жоспар - ірі авиахаб жұмысын жүргізу үшін халықаралық стандарттарға сай келетін әуежай салу. Әрине бұл жоспардың жүзеге асу уақытын әлі анықтап айту ерте, ал сарапшылар бағдарламада бұл жоспардың ел экономикасына тигізер үлесін пайымдайды.
Студия қонақтары: Әлемдік экономика және саясат тану институтының бас сарапшысы - Айжан Мұқышбаева және тәуелсіз сарапшы - Самат Нұртаза.
Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов.