Елімізде алғашқылардың бірі болып, Павлодар облысының өнеркәсіп басшылығы алюминий кластерін қолға алды. Бағдарламада жалпы алюминий өндірісінің қарқыны қандай, өңірлердегі кластерді дамытудың мүмкіндігі қандай деген сұрақтарға жауап беріледі.
Студия қонақтары: Инвестиция және даму министрлігі Тау-Кен металлургия басқармасы басшысының міндетін атқарушысы - Ернар Саржанов; Қазақстандық индустрияны дамыту институты Стратегиялы жобалар орталығының директор орынбасары - Алибек Қонқақов.
Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов.