«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңірлердегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы кәсіпкерліктің негіздері бойынша тегін оқытатын семинарларды өткізуге ұйытқы болып, бұл жоба «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арнлаған мемлекеттік бағдарламасы аясында енді. Үш жылдың ішінде жоба жақсы нәтиже көрсеткені анық: 2017 жылы жобаға 15,000 адам қатысса, оның 3314 ті жеке бизнестің көзін тапты, 2019 жылы қатысушылардың саны екі ессе оссе, жүзеге асқан бизнестің саны үш есе артты. 32 923 адам қатысып оның 9 292 сі бизнес ашып, кәсібін ұлғайтты.
Бағдарлама қонағы: Бауыржан Оразғалиев - ҚР "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарушы директоры
Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов