Экспорттық отандық брендтерді қалыптастыру

Экспорттық кәрзеңкенің көп бөлігі шикізат өнімдері - яғни мұнай-газ, металдар мен рудалар т.б. Ал бұл өнімдердің әлемдік бағасы тұрақсыз, сол себептен ел экономикасы да тұрақсыз. Осы мәселелерді шешу үшін республикада бірнеше шаралар қарастырылған және сол шаралардың бірі - ұлттық экспорттық брендтерді қалыптастыру. Осы шара аясында өткен жылдың соңында 3 бренд бекітілген - бұл "Qazaq Organic Food", "Халал", "Ет бренді". Бағдарламада аталған брендтердің жағдайын білетін боламыз және келешекте тағы қандай бренд болуы мүмкін деген сұрақ қарастырылады. Және 56.2-ші қадам бойынша экспорттық отандық брендтерді қалыптастыру тақырыбы аясында әңгіме өрбиді. 

Студия қонақтары: "Атамекен" ҰКП Агроөнеркәсіп және тамақ өндірісі департаментінің сарапшысы - Қуандық Чункунов және "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы АҚ өкілі - Айнұр Төлеубекова.

Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов.


 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу