Энергия үнемдеу және стратегиялық инвесторлар

Еліміз энергияны тиімсіз қолдануда. Әлем бойынша энергияны көп және тиімсіз қолданатын 10 мемлекеттің қатарында. Салыстырмалы түрде Еуропаның ортақ көрсеткішінен 3 есе артық қолданады екен. Бұның басты себептері елде энергия бағасының төмен болуы, қолданыстағы өнеркәсіп технологияларының ескі болуы. Аталмыш мәселе елдің экономикалық бәсекелестігі бойынша, экология және денсаулық сақтау көрсеткіштерін артқа тартады. Сәйкесінше, бұл жағдай шешімін тапса ел дамуына берері мол. Осы ретте елде 2010 жылдардан бастап бірнеше жобалар жасалынып жатыр - арнайы заң қабылданды, мәселемен тікелей айналысатын институт та құрылды. Сонымен қатар, 100 нақты қадам Ұлт жоспарында Мойындалған халықаралық энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тарту бойынша 59-қадам қарастырылған.

Студия қонағы: Энерготиімділік және ресурс үнемдеу қоғамдық палатасының басқарма төрағасы - Елдос Абақанов.

Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу