Инновациялық кластерді дамыту

Елбасы бекіткен 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 63-қадамы ғылымды қажет ететін экономиканың негізі ретінде екі инновациялық кластерді дамыту деп көрсетілген. Сондай-ақ, ол үшін Назарбаев Университетіндегі Астана бизнес кампуста ғылыми орталықтар мен зертханалар орналастырылады делінген. Идея қарапайым! Шетелдік және қазақстандық компанияларды, ғылымды қажет ететін шағын және орта бизнес, венчурлық қорлар - ғалымдар мен бизнесмендердің басын бір жерге тоғыстыру. Аталмыш инновациялық ортаны дамыту үшін Astana Business Campus-та коммерцияландыру кеңсесі, бизнес инкубатор, технопарк, зерттеу орталықтары қызмет етеді. 

Студия қонақтары: Назарбаев Университеті Зерттеу және инновациялық жүйелер орталығының сервистерді дамыту жөніндегі директоры - Дастан Құсайынов және аға менеджер - Анарбек Өтеғұлов.

Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов. 


 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу