Елбасы өз сөзінде Қазақстан экономикасының әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін көтерудің басты шарты, бұл – еңбек өнімділігінің деңгейін жоғарлату, ОЭСР елдерінің деңгейіне жеткізу, - деп айтқан болатын. Осы тұрғыда еңбек өнімділігін жоғарлатуда бүгінгі мемлекеттік саясат қандай? Бағдарламаның бүгінгі түсірілімінде, осы және тағы да басқа маңызды сұрақтарға жауап іздейтін боламыз.
Бағдарлама қонақтары: Экономикалық зерттеулер институты Талдау және әлемдік экономика орталығының жетекші сарапшысы - Мұхтар Күлжан; "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ Қолдау құралдары орталығының директоры - Нұрбол Жанабеков.
Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов.