Жыл басында Сыртқы істер министрлігінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестиция тартудың кешенді экожүйесін құрудың практикалық аспектілері қаралды деген ресми ақпарат шыққан болатын. Бұған қоса шетелдік инвестицияларды тарту -ҚР СІМ қызметінің негізгі бағыттарының бірі деген пікірмен министрдің өзі бөлісті.Осыған орай ҚР СІМ шеттен инвестиция тарту қарқынын арттыра ала ма деген сұрақ туындайды.
Бағдарлама қонағы: ҚР СІМ Инвестиция комитетінің шетелдік инвестицияларды тарту басқарма басшысы - Нұриддин Аманқұл.
Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов.