2010 жылы Мемлекеттің Индустриалды-инновациялық бағдарламасының аясында машина жасау өндірісі – стратегиялық сала деп белгіленді. Осы мақсатта мемлекет зор көлемде қаржылық және өзге де қолдаулар көрсетіп, машина жасау саласының заманауи өндірісін қалыптастырды. Дегенмен, мемлекеттік көмек түрлеріне қарамастан, 2014 жылдан бастап бұл өзекті сала түрлі экономикалық соққыларға тап болып құлдырай бастады және әлі күнге дейін өз қалпына келер емес.
Студия қонақтары: Қазақстан машина жасау одағы директорының орынбасары - Дәулет Диханбаев; ҚР ИДМ Машина жасау басқармасы директорының м.а.- Айнұр Омарова.
Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов.